деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жерлестеріміздің қақпасына үш доп та ойынның екінші кезеңінде соғылды. Осылайша бұл біздің команданың іріктеу турнирі аясындағы төртінші ойыны болды. Жерлестеріміз алғашқы ойынын осы жылғы наурыздың 29-ында сырт алаңда Израильмен өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті. Одан кейін сәуірдің 2-сінде өз алаңында Болгарияны қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Үшінші ойынында маусымның 7-сінде Алматыда Черногориядан 0:2 есебімен ұтылып қалды. Сөйтіп 4 ойынан кейін 4 ұпай жинаған футболшыларымыз әзірге өз тобында 1-ші орында келеді. Біздің команда келесі ойынын қыркүйектің 9-ында Алматыда Израильмен өткізеді.
Қазақстанның жастар құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирі аясында Израиль, Швеция, Болгария және Черногория құрамаларымен бірге 6-шы топта өнер көрсетуде. Іріктеу турниріне барлығы 52 команда қатысуда. Дания чемпионатты ұйымдастыратын ел болғандықтан, бірден финалға жіберілді. Қалған командалар он топқа бөлінді. 2009 жылғы наурыздың 28-інде басталған, 2010 жылғы қыркүйектің 7-сінде аяқталатын іріктеу турнирінде топтардың әрқайсында екі айналымнан тұратын ойындар өтеді. Іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша әр топтың жеңімпазы және нәтижелері үздік екінші орын алған төрт команда плей-оффқа өтіп, жеті жұпты құрады. Бұл кезеңде сәтті ойнаған жеті жұптың жеңімпаздары Даниядағы финалдық турнирге жолдама алады.