деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Біріншілік екі кезеңнен өтетін болады. Бірінші турлық бәсекеде алғашқы төрттікке ілінген командалар іріктеліп, екінші кезеңде ұжымдар өзара екі реттен өз стадиондарында шеберлік сынасады.
Бірініші кезеңде Жерім (Көкшетау), Қазығұрт (Шымкент), Шахтер ҚарМУ (Қарағанды), Алматы құрамасы, СДЮШС №7 (Шымкент), Восток ШҚМУ (Өскемен) командалары қатысады.
Алғашқы кезең Шымкент қаласында сәуірдің 14-іне дейін жалғасады.