ОРАЛ. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан чемпионаты премьер-лигасында өнер көрсететін, Түркияда жаттығып жатқан Оралдың «Ақжайығы» бүгін германиялық «TuS Koblenz» командасымен спарринг-матч өткізеді.
«Ақжайық» футбол клубынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш клуб 2010-2011 жылғы маусымда екінші бундеслигада өнер көрсеткен. Кейін қаржы қиындығына ұшырап, оңтүстік-батыс аймақтық лигасына ауысқан.
«Ақжайық» Анталиядағы алғашқы жиында барлығы осындай төрт ойын өткізеді. Осы айдың аяғына қарай Оралға келіп, аз-кем тыныс алғаннан кейін команда шетелдегі екінші оқу-жаттығу жиынына аттанады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).