Футбол «Оскары» Ибрагимовичке бұйырды

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - Италия футболшыларының қауымдастығы (AIC) жыл сайынғы гала-шеру өткізіп, онда 2009 жылғы лауреаттарды атады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Футбол «Оскарын» үздік футболшы ретінде өткен жылғы тамызда «Барселонаға» ауысқан «Интердің» бұрынғы шабуылшысы Златан Ибрагимович алды. Оған сонымен қатар, «А сериясындағы үздік легинонер» наградасы тапсырылды.

Итальяндық үздік ойыншы - «Романың» жартылай қорғаушысы Даниеле де Росси, ал үздік жас футболшы «Миланның» шабуылшысы ретінде Алешандре Пато аталды.