деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Футбол федерациясының мәліметінше, Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы жеребе нәтижесінде біліктілік кезеңде Түркия, Исландия және Уэльс құрамаларымен бірге 1-ші топқа түсті. Топтағы матчтар келер жылғы қарашаның 20-сы мен 25-і аралығында Уэльсте өтеді. Бұл жас санатындағы Еуропа чемпионаты Румынияда өтеді. Сондықтан да бұл елдің құрамасы іріктеу турниріне қатысудан босатылған және финалға автоматты түрде жолдама алған. Қалған командалар бірінші іріктеу кезеңінде 4 командадан 13 топқа топтастырылды. Топтарда алғашқы екі орынды иеленген құрамалар және үшінші орын алған көрсеткіштері үздік екі команда элиталы кезеңдегі финалдық турнирдің жеті жолдамасына таласады.
Футболдан 17 жасқа дейінгі құрамалар арасындағы Еуропа чемпионаты 2011 жылдың жаз айында Сербияда өтеді. Іріктеу турнирін өткізу жүйесі 19 жасқа дейінгі құрамалар үшін қарастырылғанмен бірдей. Қазақстан жасөспірімдері құрамасы жеребе бойынша Румыния, Беларус және Лихтенштейнмен бірге 6-шы топта ойнайды. Бұл топтың матчары алдағы жылғы қыркүйектің 21-і мен 26-сы аралығында Беларуста өтеді.