Футболдан Қырғызстан чемпионатының шешуші ойынына қазақстандық төрешілер бригадасы төрелік етеді

БІШКЕК. Қарашаның 5-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Дүйсенбі, қарашаның 9-ында қырғыздың Қант қаласында футболдан Қырғызстан чемпионатының шешуші ойыны өтеді. «Абдыш-Ата» және «Дордой-Динамо» командаларының арасында өтетін бұл ойынға қазақстандық төрешілер бригадасы төрелік етеді.

Бұл командалар    қырғыз  футболының көшбасшылары  болып   табылады.  «Абдыш-Ата» командасы  жеңіске  жеткен жағдайда,   ел  чемпионатын   анықтау  үшін  «алтын  доп» тағайындалады.    Ал  басқаша аяқталған  жағдайда,   «Дордой»  кезекті чемпиондық атаққа  ие  болады.

Қырғыз   Футбол  федерациясының    бөлім  бастығының айтуынша,     алдағы     жекпе-жектің   маңыздылығы  ескеріле  отырып,  сондай-ақ       барынша  объективті   төрелікті  қамтамасыз  ету мақсатында    Қазақстаннан   реферилер  шақыру  туралы   шешім қабылданған.  Төрешілердің   аты-жөндері   жария  етілмей   отыр.  Ал  Матч инспекторы  халықаралық санаттағы бұрынғы     арбитр  Николай Левников (Ресей)  болады.