деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Күн тәртібіне енгізілген бірінші мәселе Премьер-Лига командаларының құрамын мақұлдау болды. Өскеменнің «Восток» клубы қарызын толық өтей алмағандықтан, Бірінші лигаға ауыстыру туралы Аппеляциялық комитеттің шешімі бүгін күшіне енді. Оның босаған орнын енді Атқару комитетінің шешімі бойынша Көкшетаудың «Оқжетпес» клубы басып отыр. Бұл мәжілісте ел чемпионатының бірінші кезеңіндегі матчтардың күнтізбесі мен Федерацияның Төрешілер комитетінің қызметін реттейтін ереже бекітілді.
Өткен маусымда көкшетеулықтар Премьер-Лигада өнер көрсеткен 14 команданың ішінде 11-ші орынға табан тіреген болатын. Федерацияның вице-президенті Сейілда Байшақовтың айтуынша, клуб басшылығы «Оқжетпестің» жарысқа қатысуы үшін қаржылық кепілдік беріп отыр. Қажетті инфрақұрылымы бар олар Премьер-Лигадағы орнын бұған дейін өтпелі матч қорытындысы бойынша ғана босатқан болатын.