НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық командалардың қатысуымен өтетін UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысындағы ойындардың қай телеарнадан көрсетілетіні анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, еліміздің атынан аталған бәсекеде «Тобыл» және «Қызылжар» командалары бақ сынайды. Олардың қатысуымен өтетін ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Петропавлдық «Қызылжар» 4 тамызда сырт алаңда Кипрдің АПОЭЛ командасымен күш сынасады. Кездесу елорда уақытымен 22:50-де басталады.
Петропавлдық клуб екінші іріктеу сатысында Хорватияның «Осиек» командасын орта жолда қалдырып кетті.
Одан кейін Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Босния және Герцоговинаның «Зриньски» клубымен кездеседі. Ойынның басталуы елорда уаөытымен сағат 00:50-ге белгіленген.
Қостанайлық клуб екі ойынның нәтижесімен (2:0, 1:0) Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» командасын орта жолда қалдырды.
Қарымта ойындар 11 тамызға белгіленген.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.