НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу сатысындағы қазақстандық командалардың қатысуымен өтетін ойындарға төрешілер белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Петропавлдың «Қызылжар» және Хорватияның «Осиек» командалары кездесуін латвиялық төрешілер қазылық етеді. Онда Александр Ануфриев бас төреші болса, оған Евгений Морозов пен Роман Платонов көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де латвиялық Эдгар Мальцев.
Ал Алматының «Қайраты» мен Венгрияның «Кишварда» кездесуінде даниялық Петер Кьерсгор бас төреші болады. Сол елдің өкілдері Йеспер Даль пен Деннис Волленберг Расмуссен көмекшілік болса, төртінші төреші де даниялық Миккел Реддер.
Сондай-ақ, польшалық «Ракув» пен елордалық «Астана» ойынында грузиялық бригада қызмет көрсетеді. Ойында Гога Кикачеишвили жетекшілік жасаса, Давит Габисониа пен Давид Чигогидзе көмекші болады. Қосалқы төреші де грузиялық Иракли Херхадзе.
Ойындар 21 және 28 шілде күндері өткізіледі.
Еске салсақ, «Тобыл» UEFA Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчында тең түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.