Футболшы қыздарымыз Еуропа чемпионатының бірінші іріктеу кезеңінен өте алмады

АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстанның әйелдер құрамасы 2009/2010 жылғы Еуропа чемпионатының бірінші іріктеу кезеңінен өте алмады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Австрияда қыздар арасында тоғызыншы іріктеу тобында 2009/2010 жылғы Еуропа чемпионатының бірінші іріктеу кезеңінің топтық турнирі аяқталған. Қазақстан командасы топта үшінші орын алып, жарыстан шығып қалды. Келесі кезеңге берілетін жолдаманы Ресей мен Австрия құрамалары иеленген.

 Біздің қыздар бірінші ойынында Австриядан 1:2, одан кейін Ресейден 0:3  есебімен ұтылып, тек соңғы кездесуде Грекияны 2:1 есебімен жеңген. Алайда, бұл жеңіс жерлестерімізге келесі кезеңге өтуге көмектеспеді.