Бұл турда барлық матчтарда жеңіске жеткен Алматының «Қайрат» командасы турнир кестесінде Қарағандының «Тұлпар» командасын қуып жетіп, көш тізгінін қайтадан қолына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Футбол федерациясының мәліметінше, Қазақстанның ашық біріншілігінде жоғарыдағы екі командадан бөлек Астананың «Ұшқын-Искра», сондай-ақ Бішкектің «Әділет» және «АУБ» командалары өзара сынға түсуде. «Қайрат» пен «Тұлпар» арасындағы ойын 3:1 есебімен алматылықтардың пайдасына шешілген. Сөйтіп қос команда 16 ойыннан кейін 40 ұпайдан жинап, 1-ші және 2-ші орындарда тұр. Одан кейінгі орындарда «Ұшқын», «Әділет» және «АУБ» командалары келеді.