Өкінішке қарай, өткен жылғы УЕФА Кубогының қола жүлдесін жеңіп алған, Қазақстан чемпионы - Алматының «Қайрат» клубы өзі сынға түскен «D» тобында екінші орын алып, Еуропаның басты клубтық трофейі үшін болатын жарыстағы төрт мықты команданың қатарына өте алмады. Әзірбайжанның Баку қаласында өткен элиталы кезеңнің матчтарында «Қайрат» «D» тобында жергілікті «Араз» командасына жол берді.
Айта кетейік, «Қайрат» жеребе нәтижесінде Әзірбайжанның «Араз», Латвияның «Никарс» және Грекияның «Афины-90» командаларымен бірге бір топта ойнады. Біздің команда «Никарсты» 4:3, «Афины-90-ды» 3:2 есебімен ұтқанымен, «Араздан» 4:3 есебімен жеңіліп қалды.