деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы кезеңнен бастап Кубок үшін жарысқа Қазақстан чемпионы және 2008/2009 жылғы УЕФА Кубогының қола жүлдегері Алматының «Қайрат» командасы қатысады. 2009/2010 жылғы УЕФА Кубогының жарысы ағымдағы жылғы тамыздың 15-де алдын-ала матчтардан басталған болатын. Бұл кезеңде жарыстан қазіргі жүлдегерлер Испанияның «Интервью», Ресейдің «Виз-Синара» және Қазақстанның «Қайрат», сондай-ақ жарысқа енді араласып жатқан Испанияның «Эль Посо» клубтары босатылған-ды. Элиталы кезеңде барлығы 16 команда ойнайды. Топтардың жеңімпаздары алдағы жылдың сәуір айында өтетін «төртеудің финалында» Еуропаның басты клубтық олжасын жеңіп алу үшін жарысты жалғастырады. Қазақстан чемпионы Алматының «Қайрат» клубы жеребе нәтижесінде Әзірбайжанның «Араз», Латвияның «Никарс» және Грекияның «Афины-90» командаларымен «D» тобында ойнайтын болды. Матчтар Әзірбайжанда өтеді. Элиталы кезеңдегі басқа топтардың құрамы мынадай. «А» тобы: Эль Посо» (Испания), «Лупаренсе» (Италия), «Аксьон 21» (Бельгия), «Иберия 2003» (Грузия);
В тобы: «Виз-Синара» (Ресей), «Бенфика» (Португалия), «Марлен» (Голландия), «Потпикан 98» (Хорватия);
С тобы: «Интервью» (Испания), «Эра-Пак» (Чехия), «Тайм» (Украина), «Пунтар» (Словения).