Әр топтағы командалар айналма турнир өткізеді, оның нәтижесі бойынша әрбір топтан үздік шыққан екі команда төртеудің финалына шығады. Алдын-ала кезеңнің матчтарын «Оңтүстік» тобындағылар қыркүйектің 24-і мен 29-ы аралығында Алматыда, ал «Солтүстік» тобындағылар қазанның 2-сі мен 4-і аралығында Екібастұзда өткізеді. Төртеудің финалы дәстүр бойынша ағымдағы жылдың желтоқсан айында болады.
«Оңтүстік» тобында - Алматының «Қайрат», «СКА» және «Ипотека», Астананың «Ұшқын», Ақтаудың «Ақтау» және Қапшағайдың «Қапшағай», ал «Солтүстік» тобында - Қарағандының «Тұлпар», Екібастұздың «Богатырь», Ақсудың «Ақсу» және Рудныйдың «Аят» командалары өнер көрсетеді.