Футзалдан Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққан командалар анықталды

АСТАНА. Қазанның 22-сі.  ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футзалдан 2009 жылғы Қазақстан кубогы үшін жарыстың жартылай финалына шыққан командалар анықталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Желтоқсанның 16-17-сі күндері Қарағандыда «төртеудің финалы» өтеді. Желтоқсанның 16-сы күні болатын жартылай финалда Қарағандының «Тұлпар» және  Астананың «Ұшқын-Искра»,  Алматының «Қайрат» және Қарағандының «Грейс » клубтары кездеседі. Ал, келесі күні 3-ші орын үшін матч және финал болады. Айта кетейік, футзалдан 2009 жылғы Қазақстан кубогы үшін жарыстың алдын-ала кезеңдерінің матчтары Қарағанды мен Семей қалаларында өткен болатын. Жоғарыдағы төрт команда өз топтарында үздік атанып, 1-ші және 2-ші орынмен жартылай финалға шықты.