Гаитиде тағы да жер сілкінді

АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат - Гаитиде тағы жер сілкінді. Кезекті зілзаланың күші 5,5 балды құрады. АҚШ-тың Геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, жер сілкінісінің кіндігі ел астанасы -Порт-о-Пренс қаласының батысына қарай 41 шақырымдай қашықтықта тіркелді,

деп хабарлайды РБК агенттігі.

Гаити елордасы қаңтардың 13-інде болған қуатты зілзаланың салдарынан жермен-жексен болды. Елде одан бері тағы бірнеше рет жер сілкінісі орын алды. Соңғы мәліметтер бойынша, қазіргі таңда 150 мың адам жерленді.