Гаитиде тағы жер сілкінді

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат - Гаитиде тағы да жер сілкінді. АҚШ-тың Геологиялық қызметі зілзаланың күші 6 балды құрағанын хабарлады.

Жерасты дүмпулерінің салдары туралы әзірге мәлімет жоқ.

Қаңтардың 12-сінде болған алғашқы соққының салдарынан елде 1,5 миллион адам баспанасыз қалған болатын. Зілзала сондай-ақ, 100 мыңнан астам адамның қазасына себеп болды. Ал зардап шеккендердің жалпы саны 3 миллионға жетеді.