Бұл туралы сәрсенбі күні журналистермен болған әңгіме кезінде ұйым Бас хатшысы Пан Ги Мун хабарлады. «Осынау шығынға қарамастан, Біріккен Ұлттар Ұйымы арал тұрғындарын құтқаруға және оларға дер кезінде көмек көрсетуге бар күш-жігерлерін салуда», деп атап көрсетті Бас хатшы өз сөзінде.
«БҰҰ миссиясы мен оның мекемелері тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы тыным таппастан жұмыс істеп жатыр. Гуманитарлық көмектердің жеткізілімі жолға қойылды, оны алушылардың саны күн санап артуда. Қазіргі таңда ел астанасы мен оның төңірегінде біздің 150 медициналық қосынымыз мен госпиталіміз бар», дейді Пан Ги Мун.