Гаитиде зілзаланың 80 мың құрбаны жерленді

АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат - Гаитиде зілзаланың 80 мыңнан астам құрбаны жерленді. Бұл жөнінде осы елдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Лео Мерорес жұма күні БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун 75 мың адамның опат болғаны туралы хабарлаған болатын.

«Қазір мерт болған 80 мыңнан астам адамдардың мәйіттері жерленді. Біздің бағалауымызша 200 мың адам жарақат алған. Зілзаладан барлығы елдің үштен бір халқы зардап шекті», - деді Гаитидің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі.