Гаитидегі зілзала салдарынан опат болғандардың саны 200 мыңнан асты

АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат - 200 мыңнан астам адам Гаитидегі жойқын зілзаланың құрбандары болды. Бұл деректерді, сәрсенбі күні елдің премьер-министрі Жан-Макс Белльрив (Jean-Max Bellerive) келтірді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат АFР сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы сонымен қатар, 300 мыңға жуық зардап шеккендер ауруханаларда, медицина орталықтарында және амбулаторлық мекемелерде ем қабылдап жатқанын айтты. Төрт мыңнан астам адамның аяқ-қолдарын кесу операциялары жасалған.Бұған дейін Гаити үкіметі 170 мың мерт болғандар туралы мәлімдеген болатын.