деп хабарлайды «Ассошиэйтед Пресс» агенттігі Қызыл Крест өкілдеріне сілтеме жасап.
Оқиға ел астанасы Порт-о-Пренс қаласының солтүстігіне қарай 130 шақырым жерде орналасқан елді мекенде орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, дүйсенбі күні кешке орын алған оқиғаға нөсер жауын мен магнитудасы онша жоғары емес кезекті жерасты дүмпуі себеп болған.
Осыдан бір ай бұрын Гаитиде қуатты зілзала орын алып, оның салдарынан 220 мыңдай адам құрбан болған еді.