Ғаламдық сана халықтарды біріктіреді - Олжас Сүлейменовтың Нью-Йорктегі шығармашылық кеші

sp;НЬЮ-ЙОРК.  Қарашаның 9-ы.  ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ -   Нью-Йоркте    танымал  ақын  және замана   ойшылы   Олжас Сүлейменов   өзінің американдық    оқырмандарымен  кездесті. Олжас Омарұлы  Америкаға   Қазақстан Елшілігінің  және  Колумбия университеті  Гарриман  атындағы   институтының   шақыруымен  келді. Ақынның     шығармашылық кездесуі  Манхэттендегі   залдардың бірінде   өтті

және  оған   қазақ,   тәжік,  түрікмен    диаспораларының өкілдері,    американдық зерттеушілер,   Ресей,  АҚШ және  Қазақстанның  бұқаралық  ақпарат құралдарының тілшілері     жиналды.

     Қазақстанның АҚШ-тағы  Елшсі Ерлан  Ыдырысов   өз сөзін  ақынның    «маған   қарап,  қазақтарды таныңдар»    деген өлең жолымен бастады. «Менің  ойымша,  ол кісі қазақтарды  танытқан,  оған  қарап   жұртшылық қазақтарды   әлі  де  тани беретін   тұлға...   Ол  «тауларды аласартпай,   даланың  даңқын  асқақтатуды»   өз  миссиясы  етіп  таңдады  және   оның  бұл  сөзі   бүкіл әлемге  тарады»,  деп    мәлім етті  Елші  өз сөзінде.

    Олжас Сүлейменов  Нью-Йоркте алғаш рет осыдан 48 жыл бұрын болған. 1961 жылы  ақын  "Адамға табын, Жер, енді" поэмасын жазып,     сол  поэмамен  әлемнің  көптеген  елдерін  аралап шықты.   Ол -       қазақ жерінің  төсінен  ғарышқа адамның  ұшуымен байланысты  эмоциялар   адамзаттың көңілін тасытқан   кездер еді.   Нью-Йоркте болған  сол күндердің бірінде  аудармашы  оған    отельдің фойесінде туыстары күтіп тұрғанын   хабарлайды. «Мен таңғалдым.   КСРО-дан шығар кезде,  сауалнамаға  шетелде  туыстарым жоқ деп  жазған  едім», - деп  еске алады    ақын.   Сөйтсе,  ақынмен  кездесуге келген,  сол  жылдары  осында   тұрған қазақ диаспорасының  өкілдері,   Түркістан   легионының   бұрынғы жауынгерлері  екен.  

 1983 жылы   Олжас  Сүлейменов  Нью-Йоркке      Түрктанушылар  конгресіне келеді  және     жоғарыдағы  легионерлердің біреуі  оны таксимен әуежайға  жеткізеді.    Қарт қазақ  туған   жерін  енді  көре  алмайтынын,  айтып өкінген  екен.   «Қазіргі   қазақ диаспорасының   олардың айырмашылығы   осы»,  дейді ақын.  Ақынның  пікірінше,    қазір Отанынан     шет  жүргендер  ғана   қиналып жүрген жоқ.  «Бірақ,   бәрі  ойдағыдай  болып,   дағдарысты еңсеретінімізде   үміт бар»,  дейді  ол.

Бейресми  әңгімелесу  түрінде  өткен  кездесуде  ақын     тыңдармандардың  сауалдарына   жауап берді:

     - Шығармашылығыңызды  жалғастырып жатсыз ба?

     - Қазір   өлең  жазбаймын.     Өлеңді  жастықтың  желігі   жаздырады.   Мен  б НТВ  телеарнасына  берген бір  сұхбатымда  Мәскеудегі     Әдебиетшілердің Орталық үйінде   80 жастағы  ақын П.Антопольскийді  тыңдаған  кезімді еске алдым.   Ақын   кеш бойы махаббат туралы     жаңа өлеңдерін оқыды.  Мен  сонда, бұдан  былай  өлең  жазбайтынымды түсіндім.   Өлең жазудан бас тартамын.   Әлгі ақындай  болғым келмейді.   Бәрінің    өз  кезеңі  бар,   Пушкин   айтқандай,  өлең -  жастың  ісі,  ал    жыл өткен  сайын  жүрегің  прозаға  бет бұрады.   Бұрын      ұйқаспен беруге  болатын  рухани    әңгімеңді   енді  басқа  жанрға салып    жазуға  болады.

     - Жылнамашы  ретінде,     бүгін  әлем басынан  кешіріп отырған  қиыншылықтар туралы   не айтар   едіңіз?

    - Бір өлеңімде мен:  «Жылнамашы  көріп  отырғанын  байқамай, қалаларды  өртейді  ғой  ұлылар»  деп жазған  едім.   Менің  қазіргі  жазып жатқандарым   да, сөзсіз,  жарияланады және  Сіздің сауалыңызға жауап береді.

    - Өзіңізді  қай мәдениетке    жатқызасыз? Сізді    қалай атағанды қалар едіңіз:   қазақ  ақыны немесе  орыс ақыны деп?

     - Мені   жай ақын деп  атағанды қалар  едім.  Ал  ақынның   қазақ,  орыс, ағылшын, француз болғаны  маңызды  емес. Тіл -    поэзияны мәнерлеудің     құралы.    Егер   поэзия  болса,  ең   бастысы сол.  Не ол барлық тілде   оқылады  немесе     бірде-бір  тілде оқылмайды - ең  қорқыныштысы оқылмай  қалса. Сондықтан да,     егер мені  немесе Мұхтар Шахановты    кейінгі ұрпақтар  еске  алып,   өлеңдерімізді    қай тілде  болмасын,  оқыса,  тіпті  бенгаль тілінде (ол тілде  де аудармам  бар),     осының  өзі  жақсы. 

     - Сіздің   қоғамдық ұстанымыңыз  бен  поэзияңыз - тарихи маңызды.  Олар   біздің    заманның  Пушкині   деген   атаққа лайықты.   Сіздің  шығармашылығыңыз     қазақтың  ұлттық  сан-сезіміне  әсер етті.    Қазақстанның  демократиялық даму  жолын қалай  бағалар  едіңіз?      Алдағы 20 жылда    не   күтіп тұр   деп  ойлайсыз?   Қазақстанның  және  Орталық  Азияның     мүмкіндіктері  қандай?

      - Көптеген елдер демократияға   ауысу  жолында  қиындықтарды  бастан  кешіріп келеді.  Қазақстан да солардың қатарында.     Кеңестің социалистік феодализмнен     Платон  мен  Аристотель  айтқан   таза демократияға       бірден   ауысу     өте қиын.  Сондықтан да бізді әлі  де   біраз қиындықтар күтіп тұр.    Бірақ біртіндеп,  асықпай,  біз   классикалық үлгідегі  демократияға  жақындайтынымыз анық.  Әлі  бірде-бір   елдің сол   классикалық  үлгіге    жақындай  алмағанын  айта кеткен  жөн.  Бәрі алда.

      - «Невада-Семей»  қозғалысының  соңғы 20 жылдағы    жұмысына қандай баға берер  едіңіз?

    -  Бастапқыда   біз жетістікке    қол жеткіздік  және қозғалысты  жабуға болады деп  шешкен  едік. 1996   жылы,   қытай полигоны   жабылғаннан кейін,  мен    басқа бағытта  жұмыс істеп,    жазудың  шығу  тарихы,      ертеректегі  тілдің  шыққан  тегі  туралы     кітап жаздым.    Бұл  іспен   мен  әлі де айналысып  келемін

    Биыл  біз  Алматыда   қозғалыстың 20 жылдығына арналған  конференция  өткіздік және  мен  Медведев қолдаған   ядролық   арсеналдарды  қысқарту  туралы Обаманың      үндеуіне    үн қатуды  ұсындым. Бұл өте маңызды үндеу!   Обама  Еуропада   зымыранға қарсы  қорғаныс  жүйесін   орнату  туралы   шешімнің күшін   тоқтатып, Ресейге  қадам жасады.  Егер осы екі  ұлы  ядролық держава  бір-бірін  қолдаса, адамзат   еркін    тыныс алады.     Конференцияда мен    «Ядролық қарусыз  әлем!»  деген   ұранмен   Қазақстан жастарының  қолын  жинауды  ұсындым.  1988 жылы  біз бір аптада  2 миллион  адамның   қолын     жинап  едік.    Қазір біз  тек  жастардың - студенттер  мен  жоғары сынып оқушыларының,  жұмысшы жастардың  қолын жинамақпыз.   Шараны Қазақстан бойынша        өткізгеннен кейін біз  Ресейдегі, Достастық республикаларындағы    әріптестерімізге    үндеу тастаймыз. Одан кейін    бізге      еуропа,  қытай,   американ  жастары  қолдау көрсетуі  мүмкін.

     Жастар -  депутаттыққа  және     үкіметке  ұсынылатын     өз  кандидаттарынан   осы  бағытта  жұмыс істеуде    талап ете алатын ертеңгі сайлаушылар. Олар  қуатты күш -   Ядролық қару-жараққа қарсы    дүниежүзілік  жастар қозғалысы бола алады.   «Невада-Семей»  қозғалысы  қазір осы  бағытта жұмыс істеп жатыр.