Эквадордың табиғат министрлігінің ақпаратынша, Санта-Круста шамамен 250 тасбақа мекендейді.
2012 жылы шамамен 100 жасында өлген галапагостық тасбақалар өкілін Жалғыз Джордж деп атаған болатын.
XIX ғасырдың соңына қарай Галапагос архипелагында өте үлкен тасбақалар колониясы болған. Алайда теңізшілер мен балықшылар оларды ет үшін өлтіргендіктен жойылудың аз-ақ алдында қалды, деп хабарлайды Би-би-си.