Фернандо Гэлембектің пікірінше, өзі жетекшілік ететін бір топ зерттеушінің тәжірибелері келер ұрпаққа энергияның балама көзін тарту еткелі отыр. Тәжірибенің мәнісі сол, Гэлембек ауа жоғары ылғалды болған кезде, ондағы су бөлшектерінің кремний мен алюминий фосфатының микроскопиялық бөлшектерімен қарым-қатынасқа түсетінін байқаған. Нәтижесінде кремний теріс зарядталса, алюминий бөлшектері - оң зарядқа ие болады. Тәжірибе, атмосферадағы судың электр зарядын жинақтап, оны өзімен қарым-қатынасқа түсетін материалдарға беретінін көрсеткен.
«Найзағайлы бұлттардағы зарядтар да осындай механизм бойынша түзіледі. Кристалл мұз бен сұйық су бұлтта аэрозольдық фазада кездеседі - соқтығысқан кезде оларда зарядтар бөлінеді. Одан кейін ауырлау бөлшектер бұлттың төменгі жағына шоғырланады. Қалғандары жоғары жақта қалады. Зарядтар бөлінеді, одан кейін қуатты кернеу пайда болады. Егер біз метеорологиялық ауқымда қарастырар болсақ, онда әрине, атмосферада үлкен энергия қуаты бар», - деп түсіндірді бұл жаңа әдісті Мәскеу физика-техникалық институтының доценті Александр Родин.
Фернандо Гэлембектің пайымдауынша, келешекте күн батареясына ұқсас, бірақ жұмыстың жаңа қағидасына негізделген энергетикалық аккумуляторлар жасауға болады.