80-нен астам ғылыми қызметкер жұмыс істеп жатқан Орталықтың зертханаларымен танысты.
Оның Қазақстанның көптеген ғылыми ұйымдарына қарағанда ерекшелігі сол, мұнда жас кадрларға деген өте бір тапшылық жоқ, ал қызметкерлерінің орта жасы 30-дан аспайды. Мұнда Лондон Университет Колледжі, Джон Хопкинс Университеті, Ноттингем университеті, Колорадо мемлекеттік университеті сияқты басқа да шетелдік және отандық жетекші жоғары оқу орындарының түлектері жұмыс істейді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.
Медицина саласында қызылшаға және паротитке қарсы вакциналардың микрокапсулдық нысандары, туберкулезді, сүт безіндегі қатерлі ісікті, цитомегаловирусті, полиомавирусты, Эпштейн-Бара вирусын, гепатит вирусын анықтау үшін тест жүйелері, тұқым қуалайтын және туа біткен аурулардың даму түрлерін бағалау үшін генетикалық тестер - Орталық ғалымдарының маңызды жетістіктері болып табылады.
Министр Орталық ұжымымен кездесу барысында жоғары оқу орындарынан кейін ғылыми кадрларды даярлау, атап айтқанда PhD докторларын даярлаудың жаңа жүйесіне көшу мәселелері жөніндегі олардың пікірлері мен ұсыныстарын мұқият тыңдады.
Сондай-ақ ол жас ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін, қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жағдайын, олардың еңбекақысын сұрап білді. Ол әріптестерін Қазақстан ғылымының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға атсалысуға шақырды.
Сала басшысы өз сөзінде сондай-ақ 2009 жылы қыркүйектің 4-інде Ақордада өткен ғылым және ғылым саясаты жөніндегі Кеңес мәжілісінде Елбасы еліміздің ғылыми қауымдастығының алдына оның орталығы өздері болатындай етіп, отандық ғылымды тиімді басқару жүйесін құру, ғылыми зерттеулердің сапасы мен маңыздылығын арттыру, университет ғылымының дамуына жағдай жасау жөнінде жаңа міндеттер қойғанын ерекше атап өтті.
Орталық ғылымдары жаңа «Ғылым туралы» заңның жобасына үлкен қызығушылық танытуда. Бұл заң жобасы өткен аптада ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысында талқыланғаны белгілі, онда Бақытжан Жұмағұлов ғылымды басқарудың жаңа моделін таныстырды. Сонда ұсынылған түбегейлі өзгерістер мен өткір пікірталастарға қарамастан депутаттар корпусы тарапынан толық қолдау тапты. Ғылымды басқарудың жаңа моделінің негізгі екі бағыты бар: біріншіден, қабылданған шешімдер үшін барлық деңгейде ғылымдардың рөлі артады, екіншіден, зерттеулерді қаржыландырудың жаңа жүйесі енгізіледі. Енді қаржыландыру үш нысанда, яғни гранттық, базалық және мақсатты-бағдарламалық негізде жүзеге асырылатын болады. Жаңа «Ғылым туралы» заң жобасының тағы бір айтарлықтай жаңалығы - ғылым мен инновациялық қызметті қолдаудың жаңа тетіктері қарастырылған. Сондай-ақ зерттеу университеттері деген жаңа ұғым заңдық айналымға енгізілген.