Ғалымдар иттердің мысықтардан ерекшелігін дәлелдеді

АСТАНА. Желтоқсанның 15-сі. ҚазАқпарат - Иттер мысықтарға қарағанда сүйкімді үй жануарлары болып табылады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат The Daily Telegraph сайтына сілтеме жасап.

Иттер мен мысықтарды 11 талап тұрғысынан салыстырған зерттеушілер осындай байлам жасады.

Иттердің келтіретін пайдасы көп екені даусыз - бұйрықтарды жақсы түсінеді және ағымдағы міндеттерді ойдағыдай шеше алады. Олар иелеріне барынша бауыр басқан. Зерттеушілер мұны иттердің мысықтарға қарағанда топтасып өмір сүруге ұмтылатындығымен түсіндіреді.

Мысықтар тәуелсіз өмір сүргенді қалайды және айрықша күтіп-баптағанды қажет етпейді. Солай болғанымен, мысықтардың интеллектуалдық қабілеттері жоғары. Оның үстіне, мысықтар иттерге қарағанда тамақты аз жейді, олардың бұл қасиеттері экологиялық тұрғыдан көкейге қонымды.

Мысықтар әлемдегі ең сүйкімді жануарлардан болып отыр. Мысықтарды барынша жақсы көретін 10 елде 204 миллион мысық өмір сүреді, ал адамның төрт аяқты достары кең таралған 10 елде небәрі 173 миллион ит ұсталады.