Ғалымдар Үлкен андрондық коллайдердің жұмысына дән риза

АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат - Төмен энергиялы протондар шоқтығымен тексерілген Үлкен андрондық коллайдер - тарихтағы ең үлкен үдеткіштің жұмысы жақсы істеп жатқанын көрсетуде,

делінген Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымының ақпаратында. Бұл туралы «Маяк» радиосы» хабарлап отыр.

Женеваның маңында, швейцария-француз шекарасында салынған коллайдер протон шоқтарын қарсы күшпен айдайтын күрделі кешен. 100 метр тереңдікке салынған 27 шақырымдық шеңберден тұратын құрылыста протон шоқтарын айдау үдерісін 53 жоғары магнит өткізгіші басқарады. 2008 жылдың қыркүйек айында алғаш іске қосылған кезде, коллайдердің магнит жүйесінен ақаулар табылған еді. Соның салдарынан жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін коллайдердің жұмысы тоқтатылған болатын. Коллайдер былтыр қараша айында қайта іске қосылды.