Болжам бойынша мәйіт қалдығы ретінде сопақша ыдыстан тақ иесінің қан үлгісі табылған деп жазылған Scientific Reports ғылыми журналында жарияланған мақалада.
Егер осыған дейін олар бұл қалдықтардан митохондриальді ДНК мен Y-хромосомалы гаплотоптың үлгісін алып, оны қолда бар Бурбонов ұрпағының баламасымен салыстырса, енді зерттеушілер оны генмен салыстырып бақылаған. Анықталғандай, олар тегі француз адамға тиесілі болып шықты, ал монархтың тегі итальяндық-неміс болған.
Сондай-ақ, «жалған» ХVI Людовик қоңыр көзді және аласа бойлы болып шықты. Ал тарихи мәліметтерде оны бойы ұзын, көзі көк деп сипаттайды.
Айта кетейік, осыған дейін ғалымдардың Бурбонов әулетінің екі монархының - IV Генрих пен XVI Людовиктің сүйек қалдықтарының шынайылығына күмәнмен қарайтындары хабарланған болатын.