Могул сайысының ақтық сынында Юлия Галышева 73.80 балл жинады. «Күміс» жүлде ресейлік құрамаға, атап айтқанда, Анастасия Первушинаға (62.13) берілді, ал «қола» жүлдені Австрия спортшысы Катарина Рамзауэр (52.05) иеленді.
Бұған дейін биатлон бойынша спринттік жарыста қазақстандық спортшы Галина Вишневская ел қоржынына үшінші алтынды салған болатын.
Жарыстың бірінші күні биатлоншы Алина Райкова 15 шақырымдық жекелей сайыста Қазақстанға алғашқы алтынды әперді. Екінші алтынды сол күні қазақстандық фристайлшы дуэт Жанбота Алдабергенов пен Бағлан Іңкәрбек аралас командалық акробатика сайысында алған болатын.
13:58, 02 Ақпан 2017
Галышева Қазақстанға Универсиаданың төртінші алтынын әперді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Юлия Галышева Қазақстан қоржынына Универсиаданың төртінші алтынын салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.