деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алғашқы екі жыл бойы сабақтарды Астана қалалық тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығының оқытушылары өткізіп келді. Биылғы жылдан бастап ғарыштық компанияның қызметкерлері Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік мамандарынан мемлекеттік тіл бойынша дәріс алды.
«Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ аударма бөлімінің бастығы Шолпан Малғаждарованың хабарлағанындай, үш жыл ішінде компанияның Алматыдағы және Астанадағы кеңселерінде 175 адам қазақ тіліін оқып-үйренді, ал сертификаттар тек 101 адамға ғана берілген. «Тіл білуге деген құштарлық айрықша, қазақ тілі еліміз және біздің компания өмірінде өзінің лайықты орнына ие болды», - деді ол.