Геннадий Головкиннің туған қаласы ЭКСПО-2017 туристерін шақырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің туған қаласы Қарағанды ЭКСПО-2017 туристерін шақырады. «Әлемге танымал боксшы, ЭКСПО-2017 елшісі Геннадий Головкин туып-өскен Қазақстанның әсем қалаларының

 бірін көру мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар. Қарағанды таза және жап-жасыл көшелерімен, ескерткіштерімен және архитектуралық үздік туындыларымен танымал. Сондай-ақ, қалада ТМД бойынша жалғыз - экологиялық музейді көруге болады», - делінген ЭКСПО-2017 ресми Facebook парақшасында.

Одан бөлек, табиғат аясын сүйетіндер жергілікті халық «дала шатыры» атап кеткен Ақсораң төбесінен әсем көріністі тамашалап, Алтынтөбедегі сирек кездесетін аширит-диоптаз тасы кенінің орнына бара алады.

Белсенді демалысты қалайтындарға Қарқаралы ұлттық паркінің курортты аймақтарын көру ұсынылады.