Германияда имамдарға арналған неміс курсы ұйымдастырылды

АСТАНА. Қарашаның 16-сы. ҚазАқпарат - Дортмундта имамдар үшін діндарлармен күн сайын қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ неміс тілінде құлшылық ету үшін неміс тілінің негіздерін игеруге мүмкіндік беретін екіжылдық курс ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.

Меркез мешітінде өтетін курстар аяқталғаннан кейін әрбір қатысушы неміс тілін білетіндігін растайтын сертификат алады.

Бағдарлама Түрік-ислам діни одағының, Түркия консулдығының, сондай-ақ бірқатар шетелдік компаниялардың қолдауымен ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың ойынша, мұндай іс-шаралар неміс қоғамындағы мұсылмандардың бірігуіне көмектеседі және Германияның тұрғындары үшін ислам туралы толық түсінік береді.