Германияда кокаин рекордты партиясы тәркіленді

АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - Германияда Гамбург қаласының полициясы ел тарихындағы ірі көлемді кокаинды тәркіледі,

деп хабарлады Утро.ру агенттігі.

Парагвайдан келген кемеден тәртіп сақшылары 1,3 тонна анаша тапқан. Полицияның мәліметі бойынша, 7 контейнерде жасырын әкелінген кокаиннің құны 40 млн. еуроға (54 миллион АҚШ долларына) тең. Өткен жылдың қараша айында басталған бұл арнайы операцияға 200-ге жуық құқық қорғау органдарының қызметкерлері ат салысқан.