Гибралтар сұлуы 2009 жылдың Әлем аруы атанды

АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат - Сенбі күні Йоханнесбургте өткен «Әлем аруы-2009» конкурсында Гибралтар өкілі Кайэн Алдорино жеңіп шықты,

деп  хабарлайды Франс Пресс агенттігі.

 Алдорино о бастан конкурстың   негізгі  фаворитінің бірі   болып саналған, 23 жастағы   сұлу     алдын ала конкурстық   турда  «Жағажай  аруы»  атанған   болатын.

 Жеңімпазға   алтын  тәжді  2008 жылғы  Әлем   аруы -  ресейлік Ксения Сухинова    кигізді.