Бұл туралы Systemiq консалтинг компаниясы мен Үндістанның Integrated Mountain Initiative (IMI) үкіметтік емес ұйымы бірлесіп дайындаған баяндамада айтылған.
Зерттеу авторлары мұздықтардың жедел еруі аймақтағы миллиондаған адам үшін табиғи апат қаупін арттырып отырғанын ескертеді. Бұл мәселе 26 тамызда Қытай шекарасына жақын Непал аудандарында болған су тасқынынан кейін қайтадан өзекті болды. Апатқа мұздықтың опырылуы себеп болуы мүмкін деген болжам айтылды. Тасқыннан 1300-ден астам адам қаза тапқан.
Баяндамаға сәйкес, Гималай аймағында шамамен 40 мың мұздық бар, алайда тұрақты бақылау олардың небәрі 0,1%-ына жүргізіледі. Мәңгі тоңның жағдайы туралы ақпарат одан да аз. Оның өзгеруі де табиғи апаттар қаупін күшейтуі мүмкін.
Мұздықтардың еруі өңірден тыс жерлерге де әсер етуі ықтимал. Сарапшылар жеткізу тізбектерінің бұзылуы, халықтың мәжбүрлі қоныс аударуы және геосаяси шиеленістің күшеюін негізгі қатерлердің қатарына жатқызады.
Зерттеуде Үндістанға ерекше назар аударылған. Гималай ел аумағының шамамен 18%-ын алып жатқанымен, табиғи апаттардың шамамен 35%-ы осы өңірде тіркеледі.
Айта кетейік, бұған дейін Тәжікстандағы мұздықтардың еруі Орталық Азияға қандай қауіп төндіретінін жаздық.
Оның алдында былтыр әлемдегі мұздықтарда 408 гигатонна мұз ерігенін хабарладық.
Сондай-ақ жақында Швейцарияда аптап ыстық мұздықтардың көлемін кішірейтіп, пішінен өзгертіп жатқаны анықталды.