ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімі болып Эльдар Тумашинов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Эльдар Лұқбекұлы 1987 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінде халықаралық ынтымақтастық департаментінің сарапшысы болып бастады.
Әр жылдары «Nur Otan» партиясының саяси менеджмент мектебінің Алматы филиалында басшылық қызметтерді атқарған.
Осы лауазымға дейін «Ертіс» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы болып еңбек етті.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.