«Осы жолғы шартты аяқтағаннан кейін келісімшарт жасасуға уәде етті, алайда, алдымен оларға қолымнан не келетінін көрсетуім керек», - деп хабарлады Моминов.
Қазақстандық боксшы Бобиржан Моминов мексикалық Сауль Альварестің Головкинге қарсы дайындығында спарринг-көмекші болатынын бұған дейін хабарлаған едік.
Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Қазірдің өзінде барлық билеттер сатылып кеткен. Уақыт айырмашылығына байланысты аталған жекпе-жек Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңертең көрсетіледі.