Атақты актер халықаралық деңгейде кедейшілікпен күреске, әйелдердің құқықтарын кеңейтуге, қоршаған ортаны қорғауға қолдау көрсетеді, деп хабарлады бүгін БҰҰ Даму бағдарламының Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметі.
«БҰҰ Даму бағдарламасы испандық актер Антонио Бандерасты кедейшілікпен күрес жөніндегі ізгі ниет елшісі етіп тағайындағанын жариялады. Өзінің жаңа жұмысында Антонио Бандерас Мыңжылдық даму мақсаттарына қол жеткізуге, 2015 жылға дейін кедейшіктің тең жартысын қысқартуға бағытталған жаһандық деңгейдегі міндеттерге, аштықпен, аурулармен, сауатсыздықпен, қоршаған ортаның ластануымен және әйелдерді кемсітушілікпен күрес мәселелеріне баса назар аударады», - делінген ресми хабарламада.
«Кедейшілік адамның әлеуетін дамытуға кедергі келтіреді, оның мақсатына жетуіне мүмкіндік бермейді, - деді Бандерас, - Сондықтан да кедейшілікпен күреске барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз, оған бізде білім де, құралдар да, бұл мақсатқа қол жеткізетін ресурстар да бар».