АСТАНА. ҚазАқпарат - Youtube-тегі танымал «Motivedia-Boxing» каналы Головкин-Альварес жекпе-жегіне орай 10 минуттық видео-превью жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
Видеода Головкин мен Альварестің жаттығуынан түсірілген сәттер, алғашқы жекпе-жектен үзінділер, сондай-ақ олардың промоутерлерінің пікірлері қамтылған.
Айта кетейік, қос боксшының бірінші кездесуі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде болған еді. Ол жолы қос мықты тең есеппен тарқасқан болатын. Алайда бокс әлемінің көптеген мамандары Головкинге қиянат жасалып, таза жеңісінің есебі бұрмаланғанын айтқан.
Қарымта кездесу биыл 5 мамыр күні өтеді.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.