Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz-қа сілтеме жасап хабарлады.
Boxingscene.com сайтының жазуынша,
«Головкин-Джейкобс кездесуіне билеттердің алдын ала сатылымының алғашқы күндері рождестволық демалыстарға түскеніне қарамастан олардың қарқынына көңіліміз толады. 2015 жылы Головкин Madison Square Garden-де аншлаг жасаған еді, биылғы көрсеткіш одан да асып түсетін секілді. Мұның бәрі бруклиндік Дэнни Джейкобсқа халықтың қызығушылық танытуынан деп ойлаймын. «Бокс Меккесінде» болатын екі үздік орта салмақтың айқасын тағатсыздана күтудеміз», - деді Лёффлер.
Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.