AXS.com билет операторының дерегіне сәйкес, қазіргі таңда сатылымда - 700, 800, 1000, 1500, 2000, 2500 және 5000 долларлық билеттер бар. Бір адамның қолына сегіз билетке дейін берілуде.
Осыған қарамастан, Головкин мен «Канелоның» промоутерлері Том Леффлер мен Оскар де ла Хойя 15 қыркүйекте T-Mobile Arena-да аншлаг болатынына сендіруде.
1XBET букмекерлік кеңсесі GGG-Канело екінші жекпе-жегіне мынадай коэффициенттер беруде: Головкиннің жеңісі - 1.64, «Канелоның» жеңісі - 2.464, тең нәтиже - 20.
Еске салайық, бірінші айқас 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтіп, тең нәтижемен аяқталған еді.