GGG-ге желтоқсан айында британиялық Билли Джо Сондерс немесе пуэрто-риколық Мигель Котто қарсылас болады. Ал Сауль Альвареспен қарымта кездесу 2018 жылдың мамыр айында өткізілуі мүмкін.
Леффлердің айтуынша Сондерс Головкинмен өткізетін жекпе-жектен «жеңіл ақша» табуды көздейді, ал Коттомен кездесу жайында ол мұны анықтайтын бір жолдың бар екендігін қоса кеткен.
Еске сала кетейік, кеше ғана Головкин Альвареспен жұдырық түйістіріп, тең түскен болатын.