деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Аты құпия ұсталып отырған бұл адам жақын маңдағы үйдің шатырында ұсталған. Оның қалтасынан лақтырған шөлмектің тығыны табылған.
Бұл соңғы жылдары жасалған шабуылдардың алғашқысы емес. Олардың барлығы да сауда жаймалары орнатылған, жүргіншілер мен туристер көп жүретін қарбалас көшелерде орын алды. Тұтқындалған адамның бұған дейінгі шабуылдарға қатысының бар-жоғы әзірге белгісіз.