Гранттарды иеленушілердің басым бөлігі Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін таңдады

None
ПЕТРОПАВЛ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Мемлекеттік білім гранттарынан үмітті солтүстікқазақстандық талапкерлердің басым бөлігі Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқуға кірісті.

1 908 талапкердің ішінде гранттарға ие болған 847 адамның басым бөлігі - 713 үміткер Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқуға ниет танытты. Ең көбі - 180 грант жаратылыстану-география факультетінің үлесіне тиді. Екінші орында - ақпараттық технологиялар факультеті, үшінші орында - музыкалық-педагогика факультеті.

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті атанған «Алтын белгі» белгісінің 6 иегері де тегін оқитын болады.