ОРАЛ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Грек-рим күресінен Алматыда өткізілген ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы Бақтияр Байсейітовтің жүлдесі үшін ІІІ республикалық турнирде батысқазақстандықтар табысты өнер көрсетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы жарыста БҚО құрамасы (№1 БЖСМ) командалық есепте бірінші орынға көтерілді. Сондай-ақ Айбек Марданов (46 килә), Артем Фатаков (54 килә), Искандер Шакиров (85 килә) өз салмақ дәрежелері бойынша чемпион атанды. Есжан Кенжеев пен Абай Қазиев үшінші орынды місе тұтты. Жеңімпаздардың жаттықтырушылары - Батыр Қазиев пен Мақсот Төлегенов.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).