деп хабарлады дүйсенбі күні жергілікті телеарналардың эфирінде елдің денсаулық сақтау министрі Марилиза Ксенояннакопулу ханым. Бұл туралы «РИА «Новости» хабарлады.
«Мемлекет осы уақытқа дейін сатып алған вакциналардың да ақысын төлейді», деді министр өз сөзінде.
Денсаулық министрі сондай-ақ GlaxoSmithKline, Novartis және Sanofis компанияларынан әлі жеткізілмеген вакцина дозалары үшін төленіп қойылған ақыны қайтаруды талап етті.
Грекия бұған дейін жалпы құны 25 миллион еуроның 3,6 миллион вакцина дозасын алған болатын. Бастапқыда ел барлық 11 миллион халыққа вакцинаға тапсырыс берген еді.
Бірақ гректер, оның ішінде медицина қызметкерлері де бар, вакцина қабылдауға асыға қоймаған: тек 360 адам ғана жаңа вирусқа қарсы өз еріктерімен егілген. Ведомство вакцинаның бір бөлігін келесі жылы да қолдануды пайымдап отыр, себебі олардың пайдаланылу мерзімі 2011 жылы бітеді.
Қазіргі уақытқа дейін Грекияда A/H1N1 тұмауынан 96 адам қайтыс болған.