Ерні тігілген алты-жеті ер адам шекара маңындағы Эйдомени елді мекені жанында тізіліп тұрған полицейлерге қарама-қарсы темір жолға отырып алған. Олардың кеудесі мен маңдайында "Әділ еркіндік" деген жазу болған.
Наразылық акциясына қатысушылар - Иран күрдтері болуы мүмкін. Экономикалық мигрант деп танылып, шекарадан асып өтуіне тыйым салынған Бангладеш пен Мароккодан келген ер адамдар да олардың қатарына қосылды.
Македония қарулы қақтығыстар жүріп жатқан елдерден келген азаматтардың кіруіне тыйым салғаннан кейін наразылық шарасына жалпы алғанда жүздеген босқын қатысты.