Олардың ақпараттары бойынша, телеарна ғимаратында мұғалімдер мен полиция қызметкерлерінің арасында қақтығыс орын алған, бірақ болуы мүмкін зардап шегушілер туралы әзірге ақпарат жоқ.
Оқиға орын алға NET мемлекеттік телеарнасы бағдарламаны тоқтатып, деректі фильм беруге мәжбүр болған. Студияда білім министрі Анна Диамандопулудың бар-жоқтығы әзірге белгісіз.
Грекия үкіметі мектептерде уақытша келісімшартмен жұмыс істеп жатқан мұғалімдерді қысқарту жоспары туралы мәлім еткен болатын. Ел өкіметі Грекияның 300 миллиардтық борышын қайта қаржыландырып, дефолтты болдырмауға көмектескелі отырған Еуроодақ пен Халықаралық валюта қорының несиелеріне айырбас ретінде қатаң үнемдеу шараларын жүргізуде.