Грузияда зілзала болды

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат - Кеше, қаңтардың 20-сында Грузияның Рачин аймағында зілзала болды. Бұл жөнінде бүгін Грузияның бұқаралық ақпарат құралдары мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуінің қуаты 4 баллды құрады, осыған байланысты Имеретин ауданында да жер қоғалысы тіркелді. Құрбан болғандар мен қирағандар туралы хабар түскен жоқ.