17:35, 08 Сәуір 2009
GSM Казахстан/Ксеll Семейде бірегей баға ұсынысымен жаңа тарифін таныстырды
СЕМЕЙ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - GSM Казахстан/Ксеll бүгін Семейде бірегей баға ұсынысымен «Алғашқы Шығыстық» жаңа тарифін таныстырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жаңа тариф арнайы Шығыс Қазақстан аймағының пайдаланушыларына арналған және ол Аctiv сауда белгісі акциясының ауқымында наурыздың 27-сінде басталып, жыл соңына дейін күшінде болады. Семейде акция сәуірдің 8-інде басталды. «Алғашқы Шығыстық» тарифінің қоңырау соғу құны төмен ? ол Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары үшін желі ішінде минөтіне 9 теңге. Түнде сөйлесетіндер сағат 00-ден бастап таңғы сағат жетіге дейін тегін пайдалана алады. Биыл жыл ішінде Шығыс Қазақстан облысының тағы 32 елді мекені ұялы телефон байланысымен қамтылатын болады.